Жаңалықтар архивы

29 маусым, 2023
188

Комплаенс-офицердің «ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлерімен есептік кездесуі

1 Фото

2023 жылғы 27 маусымда Комплаенс-офицер Болат Баймұратұлы «ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлерімен бейнеконференцбайланыс арқылы есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында комплаенс-офицер ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында орындалған жұмыстар туралы есепті таныстырды. Қоғамның барлық жасасатын шарттарында, бұйрықтарында және Мемлекеттік сатып алу порталында комплаенс тексеру жүріп жатқанына назар аударды. Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде Қоғам қызметкерлерінің декларацияны тапсыруына бақылау жүргізіледі. Жұмыс жоспары шеңберінде ай сайын өткізілетін оқыту семинарлары, сыбайлас жемқорлық және басқа да тәуекелдерді анықтауға қоғамда жыл сайын өткізілетін комплаенс тексерулер және тексеру қорытындылары бойынша қалыптастырылатын ұсынымдармен талдамалық анықтамалар туралы атап өтті.

Сондай-ақ, комплаенс-офицер конкурстық комиссияға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобына, энергетиканың цифрлық платформасын әзірлеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына қатысатынын атап өткен жөн.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай сатып алушы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы тетігі негізінде электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарланып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға арналған шарттарға бақылау қарқынды жүргізілуде.

Фото: ашық дереккөздерден