Жаңалықтар архивы

10 маусым, 2023
192

Қайталанған имитациялық сауда-саттық!!!

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру ережелері» жаңа жобасына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі.

Осыған байланысты, «ЭҚРҚО» АҚ электр энергиясының қайталама орталықтандырылған сауда – саттығын имитациялық режимде (бұдан әрі-Имитациялық сауда-саттық) өткізуді жоспарлап отыр.

Имитациялық сауда-саттық 4 (төрт) сауда сессиясында өткізілетін болады:

 

Цифрлық майнерлер үшін:

Күні

ҚР БЭЖ Батыс аймағы

ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары

2023 жылғы 13 маусым

11.30-12.00 сағ.

(Астана уақыты бойынша)

15.30-16.00 сағ.

(Астана уақыты бойынша)

Энергия өндіруші ұйымдар үшін:

2023 жылғы 14 маусым

11.30-12.00 сағ.

(Астана уақыты бойынша)

15.30-16.00 сағ.

(Астана уақыты бойынша)

 

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына КЭН субъектілері, атап айтқанда цифрлық майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар (инвестициялық келісімдері бар ЖЭО мен ЭӨҰ-нан басқа) қатысады.

Имитациялық сауда-саттыққа қатысу үшін жоғарыда аталған мүдделі тұлғалардан осы сілтеме бойынша тіркеуден өтуін сұраймыз (https://tradez-test.korem.kz ).

Түсініктемелер мен тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943.

Фото: ашық дереккөздерден