Жаңалықтар архивы

07 маусым, 2023
198

Алматыға Бірыңғай сатып алушы мен ЭТН енгізу бойынша түсіндіру науқанының шеңберінде сарапшылар тобы барады

1 Фото

2023 жылғы 8 маусымда сарапшылар тобы ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нақты уақыт режимінде Бірыңғай сатып алушының моделін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын алдағы уақытта енгізу мәселелері жөніндегі түсіндіру іс-шараларының кестесіне сәйкес ақпараттық-түсіндіру науқанының жұмысы шеңберінде Алматы қаласына (Алматы ЖЭС) барады.

Естеріңізге сала кетейік, ел өңірлеріне көшпелі түсіндіру науқаны электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін электр энергиясы нарығының жаңа моделін түсіндіру мақсатында құрылған.

Көшпелі түсіндіру науқанының сарапшылар тобының құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері кірді.

Өткізу орны: Алматы қ., Шевченко к-сі, 162/7

Өткізу күні мен уақыты: 08 маусым 2023ж. сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін

Фото: ашық дереккөздерден