Жаңалықтар архивы

06 маусым, 2023
232

Ақтөбелік ЖЭТ-на Бірыңғай сатып алушы мен ЭТН енгізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру кампаниясының сарапшылар тобы барады

1 Фото

2023 жылғы 7 маусымда сарапшылар тобы ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нақты уақыт режимінде Бірыңғай сатып алушының моделін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын алдағы уақытта енгізу мәселелері жөніндегі түсіндіру іс-шараларының Кестесіне сәйкес ақпараттық-түсіндіру науқанының жұмысы шеңберінде Ақтөбе қаласына (Ақтөбе ЖЭТ) барады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап нақты уақыт режимінде Бірыңғай сатып алушы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жаңа моделі енгізілуде.

Осыған байланысты, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясы нарығының жаңа моделін түсіндіру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС қатысуымен ел өңірлеріне көшпелі түсіндіру науқанын жоспарлады.

Кездесудің өткізу уақыты: сағат 11.00-ден 16.30-ға дейін

Мекен-жайы: Ақтөбе қ., 312-ші Стрелковой дивизии даңғылы, 44

Фото: ашық дереккөздерден