Жаңалықтар архивы

04 маусым, 2023
164

Бірыңғай сатып алушы мен ЭТН енгізу мәселесі бойынша түсіндіру науқанының шеңберінде сарапшылар тобы Батыс Қазақстанға барады

1 Фото

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нақты уақыт режимінде Біріңғай сатып алушы моделін және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын алдағы уақытта енгізу мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларының кестесіне сәйкес, Бірыңғай сатып алушы мен ЭТН енгізу мәселесі бойынша түсіндіру науқанының шеңберінде сарапшылар тобы Атырау қаласы мен Ақтау қаласындағы Батыс ЖЭТ-на барып, екінші жұмыс аптасына кіріседі.

Естеріңізге сала кетейік, ел өңірлеріне көшпелі түсіндіру науқаны электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін электр энергиясы нарығының жаңа моделін түсіндіру мақсатында құрылған.

Көшпелі түсіндіру науқанының сарапшылар тобының құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері кірді.

 

Кездесудің өткізу уақыты: сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

2023 жылғы 5 маусым - Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, 110а

2023 жылғы 6 маусым - Ақтау қаласы, Промзона 7, ғимарат 65

Фото: ашық дереккөздерден