Жаңалықтар архивы

01 маусым, 2023
172

Бірыңғай сатып алушы мен ЭТН енгізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру науқанының сарапшылар тобы бірінші жұмыс аптасын аяқтайды

1 Фото

2023 жылғы 2 маусымда ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі сарапшылар тобы ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нақты уақыт режимінде Біріңғай сатып алушының моделін және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын алдағы іске қосу мәселелері жөніндегі түсіндіру іс-шараларының кестесіне сәйкес Өскемен қаласына (Шығыс ЖЭТ) барып, алғашқы көшпелі аптаны аяқтайды

Естеріңізге сала кетейік, ел өңірлеріне көшпелі түсіндіру науқаны электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін электр энергиясы нарығының жаңа моделін түсіндіру мақсатында құрылған.

Көшпелі түсіндіру науқанының сарапшылар тобының құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері кірді.

Кездесудің өткізу уақыты: сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 67

Фото: ашық дереккөздерден