Жаңалықтар архивы

30 мамыр, 2023
132

Сарапшылар тобы бірыңғай сатып алушыны және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізу мәселесі бойынша түсіндіру науқанының жұмысы шеңберінде Қостанайға барады

1 Фото

2023 жылғы 31 мамырда ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нақты уақыт режимінде Бірыңғай сатып алушының моделін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын алдағы уақытта енгізу мәселелері бойынша Түсіндіру іс-шараларының кестесіне сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша сарапшылар тобы Қостанай қаласына (Сарбай ЖЭТ) жолданады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап нақты уақыт режимінде бірыңғай сатып алушы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жаңа моделі енгізілуде.

Осыған байланысты, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясы нарығының жаңа моделін түсіндіру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС қатысуымен ел өңірлеріне көшпелі түсіндіру науқанын жоспарлады.

          

Кездесу уақыты: сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Мекен-жайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Топорков көшесі, 31

Фото: ашық дереккөздерден