Жаңалықтар архивы

29 мамыр, 2023
151

Бірыңғай сатып алушыны және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізу мәселесі бойынша түсіндіру науқаны басталды

1 Фото

2023 жылғы 19 сәуірде Мемлекет басшысы «Әкімшілік реформа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оның шеңберінде ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының бірыңғай сатып алушысы мен теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде енгізуді көздейтін «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарының жобаларына сәйкес электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы болып «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС, ал Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы болып «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ белгіленді.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясы нарығының жаңа моделін түсіндіру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС қатысуымен ел өңірлеріне көшпелі түсіндіру науқанын жоспарлады.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нақты уақыт режимінде Бірыңғай сатып алушының және электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығының моделін алдағы уақытта енгізу мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларының кестесіне сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша қалыптасқан сарапшылар тобы келесі қалаларға жолданады:

29 мамыр 2023 жыл - Қарағанды қаласы (Орталық ЖЭТ), Камская к-сі, 4.

Уақыты: 10.00-ден 16.00-ге дейін.

30 мамыр 2023 жыл - Екібастұз қаласы (Солтүстік ЖЭТ), Мұхтар Әуезов көшесі, 126.

Уақыты: 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Фото: ашық дереккөздерден