Жаңалықтар архивы

29 мамыр, 2023
157

«ЭҚРҚО» АҚ ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады

1 Фото

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін және аукциондық сауда-саттықты өткізудің 2024-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітуі туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды 2023 жылғы  31 тамыз бен 30 қараша аралығында өтетін ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырамыз.

2023 жылы алдағы аукциондық сауда-саттыққа жоспарланған, белгіленген қуаттардың жалпы көлемі 860 МВт құрайды, оның ішінде:

- күн электр станциялары (КЭС) - 100 МВт;

- жел электр станциялары (ЖЭС) - 500 МВт;

- су электр станциялары (СЭС) - 250 МВт;

- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.

 Айта кетейік, ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізудің бекітілген бес жылдық кестесінің жиынтық көлемі шамамен 6,7 ГВт құрайды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап ЖЭК жобаларының бастапқы шекті аукциондық бағасы ұлғайтылды.

2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесімен және 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарымен танысуға болады https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/ .

Барлық сұрақтар бойынша «ЭҚРҚО» АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштаға сұрау жіберу арқылы, немесе келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 982-941, 982-967, 982-945.

Сізді 2023 жылғы және одан кейінгі жылдары аукциондық сауда саттыққа қатысушылар арасында көруге қуаныштымыз!

Фото: ашық дереккөздерден