Жаңалықтар архивы

06 мамыр, 2023
195

«ЭҚРҚО» АҚ кәсіподағы Ұлы Отан Соғысының тыл ардагерін құттықтады

3 Фото
3 Фото
3 Фото

Ұлы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында «ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлері тыл ардагері Амина Бектаеваға құттықтап барды.
Кәсіподақ комитетінің мүшелері компания атынан ҰОС тыл ардагерін құттықтап, алғыс сөздерін жеткізіп, гүлдер мен азық-түлік жиынтығын сыйға тартты.
9 мамыр – бұл Ұлы жеңістің зор қуанышы мен жан азабы біріктірілген ерекше мереке. Бұл мереке қашанда өз өмірін құрбан етіп, болашақ ұрпақтың жарқын өмірі үшін жеңіске жеткендердің батылдығын бейнелейді.
ҰОС тыл ардагері Бектаева Амина, 1931 жылы туған, 2 баласы, 5 немересі және 12 шөбересі бар. 12 жасынан бастап соғыс жылдарында ауыл шаруашылығында еңбек етті, 37 жыл бойы сауыншы болып жұмыс істеді. Амина әженің жолдасы Жұмаш Бектаев Ұлы Отан соғысының ардагері, 90-шы жылдары қайтыс болған. Қазір Амина әже қызының отбасымен бірге тұрады және шөберелерін өсіреді.
Мейірімді әже қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды, өз тарихымен бөлісті, алыс, бірақ қиын кезеңдер, жаппай ашаршылық жылдары мен Отан соғысы жылдары туралы бөлісіп айтты.
Тыл ардагері Компания қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп алғысын айтты.