Жаңалықтар архивы

28 сәуір, 2023
216

«КОРЭМ» АҚ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырған Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

3 Фото
3 Фото
3 Фото

2023 жылғы 28 сәуірде «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ–-да (бұдан әрі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкені өткізудің негізгі мақсаты болашақ түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, ал жұмыс берушілер үшін ізденушілермен алдын ала әңгімелесуді іріктеу, өткізу және кадр резервін толықтыру болып табылады.

Аталған іс-шараға оқытушылар, студенттер, түлектер және түрлі қызмет салаларынан 50-ден астам жұмыс берушілер қатысты.

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) атынан Жобаларды дамыту және цифрлық трансформация секторының сарапшысы – Сүлейменов Сайран Арманұлы және Әкімшілік департаментінің бас менеджері - кадр қызметінің басшысы Өмірзақова Алтынай Амангелдіқызы қатысты.

Салтанатты ашылу салтанатында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма Төрағасы - ректоры Сыдықов Ерлан Батташұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға көрсеткен қызығушылықтары үшін алғыс айтып, іс-шараның барлық өкілдері мен ұйымдастырушыларын таныстырды.

Қоғам өкілдері Болашақ түлектермен өз қызметі туралы таныстыру сұхбатын өткізіп, көрнекі материалдар ұсынды, ал түлектер оларға қызықтырған сұрақтарын қойды.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысушыларға ЕҰУ ректоры Е. Б. Сыдықовтың алғыс хаттары табысталды.