Жаңалықтар архивы

27 сәуір, 2023
217

«ЭҚРҚО» АҚ Басқарушы директоры Е.Г. Мәдиев Мәскеу қаласындағы ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты

2 Фото
2 Фото

Өткен аптада Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында 38 мәселе талқыланды.

Отырысқа Қазақстаннан ЕЭК алқаларының мүшелерімен бірлесіп Нарықты және сауда жүйесін дамыту жөніндегі Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Е. Г. Мәдиев қатысты.

Отырыстың тар құрамын жабық талқылауда Е.Г. Мәдиев екі мәселе бойынша баяндама жасады:

- ЕАЭО-ның Жалпы электр энергетикалық нарығында мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларын бекіту туралы;

- ЕАЭО ЭБР-да электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды бір тәулік бұрын жүзеге асыратын ұйымды айқындау туралы.

Осы мәселелерге қатысты түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕЭК Кеңесі күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылады, сондай-ақ еуразиялық интеграцияны тереңдету бойынша бірқатар басқа мәселелерді қарады.