Жаңалықтар архивы
«ЭҚРҚО» АҚ Комплаенс-офицері «Жалпыға бірдей декларациялаудың II кезеңі» тақырыбында семинар өткізді
2023 жылдың 19 сәуірінде «ЭҚРҚО» АҚ алаңында комплаенс-офицер Баймұратұлы Болат Қоғам қызметкерлері үшін жалпыға бірдей декларациялаудың II кезеңін түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі Мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайларының қызметкерлерінің декларацияны ұсынуын білдіреді.
«ЭҚРҚО» АҚ квазимемлекеттік сектордың субъектісі бола отырып, жалпыға бірдей декларациялауға жатады. Осыған байланысты, Қоғам қызметкерлері ағымдағы жылдан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық мәліметтерді көрсете отырып, 250 нысан бойынша бастапқы декларацияны тапсырады.
Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250-нысан) тұрғылықты (болған) жері бойынша келесі мерзімдерде ұсынылады:
1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей (2023 жылғы 15 шілдеге дейін);
2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей (2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін).
Кездесу барысында комплаенс-офицер декларацияны тапсыру тәсілдерін түсіндіріп, 250-нысандағы декларацияның бастапқы мерзімін тапсырудың оқыту бейнеролигін көрсетті және декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
Семинар барысында туындаған барлық сұрақтарға қызметкерлер толық жауаптар алды.
Фото: ашық дереккөздерден