Жаңалықтар архивы

14 сәуір, 2023
223

«ЭҚРҚО» АҚ алаңында Алматы қаласы мен Алматы облысының энергетиктерімен электр энергиясының Бірыңғай сатып алушысы мен теңгерімдеуші нарығын енгізу мәселелері талқыланды

3 Фото
3 Фото
3 Фото

2023 жылғы 13 сәуірде, 2023 жылғы 16 наурызда ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі «ЭҚРҚО» АҚ алаңында электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы тетігін енгізу және теңгерімдеуші нарықты іске қосу мәселелері бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске ҚР Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ТАЭТК» АҚ, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, «ҚЭҚ» ЗТБ өкілдері, сондай-ақ «ЭҚРҚО» АҚ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  • 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін «KEGOC» АҚ қызметіне тариф алу;
  • қолданыстағы тарифтерге қатысты «KEGOC» АҚ тарифтерінің деңгейінің өзгеруі;
  • ЭЖҰ-ның 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ЭТН-ге болжамды шығындарды ескере отырып, тарифті ұлғайтуға өтінім беру мүмкіндігі;
  • теңгерімдеу үшін үстемеақыны анықтау әдістемесі туралы;
  • шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемені қолдану қағидаты;
  • Бірыңғай сатып алушы кезіндегі көтерме сауда нарығы Қағидаларының ағымдағы мәртебесі;
  • Бірыңғай сатып алушының атына электр энергиясын кепілді жеткізушіге ақы төлеу тәртібі туралы;
  • электр энергиясының ЭЖҰ – КЖ тәуліктік кестеге жедел түзетулер енгізу мүмкіндігі туралы;
  • ЭАКЕЖ-сіз ЭТН-дегі КЭН субъектілерінің жұмысы туралы;
  • Баланс провайдерінің қызмет тәртібі туралы;
  • Бірыңғай сатып алушының болжамды бағасын айқындау, ол барлық адамдар үшін ӨЭК және ЭЖҰ тарифтерін қалыптастыру үшін индикатор болады.

Кездесу барысында электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері бірыңғай сатып алушы мен ЭТН тетігін енгізумен туындауы мүмкін проблемалар мен тәуекелдер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Кеңес механизмнің іске қосылуымен негізгі мәселелерді бірлесіп талқылау кезінде сұрақ-жауап форматында өтті. Өз кезегінде министрлік барлық сұрақтарды тыңдап, оларға жауаптар ұсынды. Кейбір мәселелер бойынша Мемлекеттік орган оларды пысықтау қажеттігін атап өтті.