Жаңалықтар архивы

10 сәуір, 2023
230

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін имитациялық режимде пилоттық сауда-саттық өткізу туралы

1 Фото

Құрметті серіктестер мен клиенттер!

«Цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VII ҚРЗ Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес цифрлық кеншілер электр энергиясын ҚР БЭЖ-ден тек профицит болған кезде және «ЭҚРҚО» АҚ сауда-саттығы арқылы ғана сатып ала алады.

Заңда баға шектеулерін алып тастау және тек нарықтық тетіктер бойынша сауда-саттық жүргізу көзделген.

«ЭҚРҚО» АҚ Заңға сәйкес цифрлық майнинг (бұдан әрі – сауда-саттық) бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі және сынады.

Осымен «ЭҚРҚО» АҚ жоспарлаған имитациялық режимдегі пилоттық сауда-саттық туралы хабарлаймыз.

Цифрлық майнингпен айналысатын барлық мүдделі компанияларды, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдарды сауда жүйесінің дайындығын бағалау үшін имитациялық режимде алдағы сауда-саттыққа қатысуға шақырамыз. 

Қатысушыларды қабылдағаннан кейін пилоттық Сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады!

Оқытуға, түсіндіруге және тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943.

Фото: ашық дереккөздерден