Жаңалықтар архивы

13 наурыз, 2023
243

«ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлерінің еңбек тәртібі және ынталандыру жүйесі

2 Фото
2 Фото

2023 жылғы 21 ақпанда «ЭҚРҚО» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) қызметкерлері үшін «Еңбек тәртібі ережелері» тақырыбында семинар өткізілді. Дәріскер ретінде Қоғамның кадр қызметінің басшысы А. А. Өмірзақова сөз сөйледі. Семинарға Қоғамның барлық ұжымы мен басшылығы қатысты.

Қоғамдағы ішкі еңбек тәртібін құқықтық реттеу мәселелері, қызметкерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері қаралды, еңбек тәртібінің, жұмыс уақыты мен жұмыс орнының негізгі түсініктері, тәртіптік жауапкершілікті қолдану негізі, тәртіптік жаза түрлері, сондай-ақ Қоғам қызметкерлері үшін ынталандыру және әлеуметтік кепілдіктер әдістері берілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 63-бабына сәйкес Қоғамда Басқарма Төрағасының 2022 жылғы 10 маусымдағы №65-НҚ бұйрығымен «ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлерінің Еңбек тәртібі қағидалары (бұдан әрі – Еңбек тәртібі қағидалары) бекітілді.

Еңбек тәртібі қағидалары Қоғамның ішкі нормативтік құжаты болып табылады, ол көптеген мәселелерді қамтиды, соның арқасында бұл құжат жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы, сондай-ақ жұмысшылардың өздері арасындағы қатынастарды тиімді реттеуге бағытталған. Осы Қағидалар еңбек тәртібін нығайтуға, жұмыс уақытын және оны ұтымды пайдалануды, қызметкерлердің демалу уақытын, еңбек тәртібін қамтамасыз ету шарттарын белгілеуге және жұмыскерлер де, жұмыс беруші де орындауға міндетті болып табылатын еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелеріне бағытталған.

Семинарда қатысушылардың назарын «жұмыс уақыты», «демалыс уақыты», «жұмыс орны», «еңбек тәртібі» ұғымдарына, сондай-ақ open-space этикет ережелеріне аударды.

Жаза мәселелерін мотивация ретінде қарастырды, өйткені бұл белгілі бір қызметкерге әсер ету әдісі және оның әріптестері арасында мұндай әрекеттердің алдын алады. Бір сөзбен айтқанда: «бір қызметкерді еңбектегі теріс қылықтары үшін жазалау арқылы қалған қызметкерлер белгіленген ережелерді бұзбауға шақырылады». Өздеріңіз білетіндей, жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзған жағдайда қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы. Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартудың негізгі себептері - жүйелі түрде кешігу, жұмыс орнында болмауы, жүктелген міндеттерді орындамау және т. б.

Соңғы үш жылда жүргізілген талдауға сәйкес Қоғамда жылына 1 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Осылайша, жазалар профилактикалық сипатқа ие және қызметкерлердің заңсыз әрекеттері мен олардың жұмысқа немқұрайлы қарауының алдын алуға көмектеседі.

Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар Қоғам қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесімен танысты, атап айтқанда: біздің компанияда сыйлықақы беру, сауықтыруға жәрдемақы төлеу, материалдық көмек көрсету, ауырған жағдайда медициналық сақтандыру ұсыну көзделген. Сондай - ақ, жеке уәждеме нысандарының бірі - Қоғам қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қоғам басшылығының, сондай-ақ «Энергетика күні» кәсіби мерекесіне орай «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ марапаттарымен және грамоталарымен марапаттау.