Жаңалықтар архивы

02 қараша, 2022
294

«ЭҚРҚО» АҚ-да Ұжымдық шарт жаңа редакцияда қабылданды

1 Фото

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1 - бабы 1-тармағының 79) тармақшасына сәйкес ұжымдық шарт ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін қызметкерлер ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт болып табылады.

Ұжымдық шартты өзектендіру мақсатында «ЭҚРҚО» АҚ Ұжымдық келіссөздер жүргізу және қоғамның ұжымдық шартының жобасын дайындау жөніндегі Комиссия құрылды. Комиссияға жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдері кірді, бұл ретте қызметкерлердің мүдделерін «ЭҚРҚО «акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ комитетінің мүшелері ұсынды.

Комиссия жұмысының нәтижесінде 2022 жылғы 14 қазанда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2022-2027 жылдарға арналған жаңа редакциядағы Ұжымдық шарт мақұлданды және жасалды.

Ұжымдық шарт тұтастай алғанда Қоғамның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған тараптардың құқықтары мен міндеттерін ажырату, заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау қағидаттарын айқындайтын барлық қажетті ережелерді қамтиды.

Сондай-ақ, ұжымдық шартта Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелеріне қатысты барлық жаңа өзгерістер Көзделген.

Осылайша, Ұжымдық шарт еңбек қатынастарын реттеудің барлық қатысушыларына қажет және «ЭҚРҚО» АҚ мен оның қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдік болып табылады.

Ұжымдық шартпен мына/Кол. договор КОРЭМ 2022-2027 (1).pdf  жерден танысуға болады.