Жаңалықтар архивы

24 тамыз, 2022
292

«ЭҚРҚО» АҚ USAID-пен ынтымақтастық мәселелерінің ағымдағы мәртебесін талқылады

1 Фото

Шетелдік серіктестермен қарым-қатынасты дамыту«ЭҚРҚО» АҚ стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Өзара ынтымақтастық жөніндегі жұмыс жоспары шеңберінде 2022 жылғы 23 тамызда «ЭҚРҚО» АҚ-ның USAID өкілдерімен келіссөздері өтті.

Келіссөздер барысында бірлескен жобаларды іске асырудың ағымдағы мәртебесі бағаланды, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында аяқтауды талап ететін міндеттер белгіленді, ҚР электр энергиясы мен қуаты нарығындағы өзекті мәселелер талқыланды

Сондай-ақ, USAID сарапшылары нарық Кеңесінің қолданыстағы моделінің жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша есеп берді, халықаралық тәжірибені көрсетті және электр энергиясы мен қуаты нарығы кеңесі жұмысын реформалау бойынша ұсынымдармен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы және перспективалық міндеттер бойынша іс-шаралар мен ынтымақтастық мерзімдері келісілді.