«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Бір күн бұрын сауда-саттықтары

1 күн
Спот-сауда саттыққа қатысуға өтінімдер сағат 11-ге дейін беріледі. Сауда-саттыққа қатысушылар бұрын берілген өтінімдерін өзгертуге жане/немесе жоюға құқылы. Сауда-саттыққа қатысушы- сатып алушылар міндеттемелерін төлеу үшін өкілетті банкке ақша қаражаттарын енгізуге міндетті.
11:00

Өтінімдерді қабылдауды Автоматты оқшаулау.

Клирингтік бағаларды есептеу.

Сатып алушыларды арнайы-шоттарында ақша қаражаттарының жеткілікті бар болуын сауда-саттық операторының тексеруі

Сатушы-сатып алушы жұптарының тізімін анықтау

Сауда-саттық күні жабылғанға дейін қажетті сомаларды оқшаулау

11:30

Техникалық сараптама жүргізу және сауда-саттық нәтижелерін электр энергиясын жеткізу-тұтынудың жоспарлы тәуліктік кестесіне енгізу үшін "KEGOC" АҚ-на сауда саттық нәтижелерін жіберу

17:30

"KEGOC" АҚ-нан сауда-саттық қорытындыларының электр энергиясын жеткізу-тұтынудың жоспарлы тәуліктік кестесіне егізілген туралы растау алу.

Сауда-саттық күнін жабу. Сауда-саттыққа қатысушыларға сауда-саттық қортындылары туралы хабарлама жіберу

2 күн

Сатушылардан (станциялар) сатып алушыларға (тұтынушылар) электр энергиясын жеткізу

Өкілетті банктерге сатып алушының есеп шотынан сатушының пайдасына ақша-қаражаттарын есептен шығару туралы сауда-саттық операторының талаптар жіберу.

Сатушы мен сатып алушының арасындағы шот-фактураларымен алмасу 3-жұмыс күн ішінде.

«Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықтар көпшілік мақұлдаған биржалық қағидалар мен қазіргі заманғы интернет технологияларды қолдану арқылы сауда-саттыққа қатысушылар арасында қысқа мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға арналған.

«Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықтар аукцион түрінде өткізіледі. Бағалар маржалық баға белгілеу қағидаларына байланысты қалыптасады.

Электр энергиясын сатып алу-сатуға өтінімдер операциялықтың алдындағы тулікте 11-00-ге дейін беріледі. Кез-келген сауда-саттыққа қатысушы өтінімді электр энергиясын сатып алуға да, сондай-ақ сатуға да бере алады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру Интернетті пайдалану арқылы, сондай-ақ факсимильді байланыстың көмегімен жүзеге асырылады.

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша сатушы-сатып алушы жұбы қалыптасады және мәмілелердің сағат сайынғы клирингтік бағалары анықталады.

Өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін нарық операторы сауда-саттық қорытындыларын, спот-сауда-саттықтарда сатып алынған электр энергиясының көлемдерін Қазақстан Республикасында электр энергиясын жеткізу тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін электр энергиясының қабылдану-бөлінуін есепке алу нүктелерін көрсету арқылы жүйелік операторға келісуге жібереді.

Қазақстан Республикасында электр энергиясын жеткізу тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын жеткізу тұтынудың барлық көлемдерін нарық операторы «Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықта сатылған-сатып алынған деп белгілейді.

«Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықтарға сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық міндеттемелерді орындауына кепілдік беру жүйесі енгізілген. Әрбір электр энергиясын сатып алушы сатып алуға өтінім берер алдында орталықтандырылған сауда-саттықтарға қызмет көрсетуші банктердің бірінде («БТА» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ), кепілдемелік ақша қаражаттарын енгізуге арналған арнайы есеп шот ашуға міндетті.

Сауда-саттық қорытындылары бойынша нарық операторы сауда-саттықа қатысушылар арасындағы өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады.

Әрбір сауда-саттыққа қатысушы өткізілген сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша өткізілген сауда-саттық нәтижелері туралы сәйкес хабарландыру алады.