Теңдестіруші нарық қатысушылары арасындағы өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру

2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығының жаңа үлгісіне көшу жүзеге асырылды, ол электр энергиясын бірыңай сатып алушы және нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы механизмінің негізінде жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 06.06.2023 жылғы №211 бұйрығымен «KOREM» АҚ Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 22-5) тармақшасына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асыратын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы болып айқындалды.

 

Заңның 15-10-бабының 2-тармағына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сату уәкілетті орган бекіткен үлгілік форма бойынша жасалатын теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарты шеңберінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Заңның 15-10-бабының 3-тармағына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші нарықта теңгерімдеуші электр энергиясын тек қана теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына өткізуді (сатуды) жүзеге асырады.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теріс теңгерімсіздіктерді тек қана теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан сатып алады.

Теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартының шеңберінде:

  • теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы келісімшарт шарттарына, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатады (сатып алады), ал электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі сатып алады (сатады);
  • электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі келісімшарт шарттарына, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатады (сатып алады), ал теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы сатып алады (сатады);
  • электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктер үшін төлемді Келісімшартта, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарында және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында белгіленген мөлшерде және тәртіпте төлеуге міндеттенеді.

Сонымен қатар, Заңның 15-10-бабының 13-тармағының 10) тармақшасына сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші нарықта теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу (сату) жөніндегі міндеттемелер бойынша теңгерімдеуші нарық субъектілері арасында қосылу шарты шеңберінде өзара есеп айырысуды жүзеге асырады.

Теңгерімдеуші нарық субъектілері мен теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы арасында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу (сату) жөніндегі міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Заңның 15-10-бабының 2-тармағына сәйкес қосылу шарты жасалады.

Қосылу шарты шеңберінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында туындаған электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің ақшалай міндеттемелерін есептеуді, айқындауды және бөлуді жүзеге асырады, ал электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі оларды Келісімшартта көзделген тәртіппен төлеуге міндеттенеді.

Жоғарыда айтылғанға сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы келесі функцияларды орындайды:

  • теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатады және сатып алады;
  • ай сайын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының әрбір субъектісі бойынша теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктердің жалпы сатып алу-сату көлемін және олардың құнын айқындайды;
  • электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілеріне қорларды сыртқа босатуға арналған жүкқұжат пен электрондық шот-фактураны ұсынады;
  • теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімін қалыптастырады (онда ақшалай міндеттемелерді талап етуге құқығы бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы, ақшалай міндеттемелері бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы, ақшалай міндеттемелер сомасы, есеп айырысу кезеңі көрсетілетін құжат).

Теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларының 17-параграфымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.

Қағидалардың 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі – бұл теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қалыптастыратын құжат, оның негізінде Қазақстан Республикасы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінде туындаған міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысу жүргізіледі, сондай-ақ ол электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің ақшалай міндеттемелерінің бар екендігін және талап ету құқығын растайтын құжат болып табылады.

Қағидалардың 136-тармағында көзделген іс-әрекеттер жүзеге асырылғаннан кейін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімін қалыптастырады.

Қағидалардың 139-тармағына сәйкес теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен бекітіледі, шағымдануға жатпайды және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі тарапынан ешқандай ескертусіз және қарсылықсыз қабылданады.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушылар арасында қаржылық міндеттемелерді атаулы бөлу нәтижесінде туындаған міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысу теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі негізінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушылар арасында тікелей жүзеге асырылады (Қағидалардың 144-тармағы).

Теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі бекітіліп, жарияланғаннан кейін теңгерімдеуші нарық субъектілері осы өзара есеп айырысу тізіліміне сәйкес өзара есеп айырысуды жүзеге асырады.

Осыған сәйкес теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімі негізінде ақшалай міндеттемелері бар теңгерімдеуші нарық субъектісі талап ету құқығы бар теңгерімдеуші нарық субъектісіне өз міндеттемелерін төлейді.

Қағидалардың 145-тармағына сәйкес теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қалыптастырады және ол мынадай ақпаратты қамтиды:

  • ақшалай міндеттемелерді талап ету құқығына ие электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы;
  • ақшалай міндеттемелері бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің атауы;
  • ақшалай міндеттемелер сомасы;
  • есеп айырысу кезеңі.