Сала жаңалықтары

04 мамыр, 2021
314

"АЖК" АҚ-да жасанды интеллект элементтері бар жүйе енгізілмек

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Бизнес пен өндірісте машиналық оқыту, деректерді талдау және жасанды интеллект қолдануға деген белсенділік жылдан жылға артып келеді. 

Танымалдылық үлкен әлеуетке негізделеді, дегенмен жасанды интеллект туралы сөз болғанда, көпшілік тарапынан көп сұрақ пен алаңдаушылық байқалады. Мәселен, Илон Маск жасанды интеллект турасында пәрменді қарсылық көрсетіп келеді, этика мәселелерін көтеріп, апатқа әкелер сценарийлерді де айтуда: "Жасанды интеллект – реттеу мәселелерінде жеткілікті түрде жіті ойлануды талап ететін жағдай, әйтпесе кейін мүлде кеш болуы мүмкін».

Дегенмен, аса сауаттылық болған жағдайда бұл технология адамзат үшін өте пайдалы. Есімізге түсірсек, атом энергиясына да күмәнмен қарағандар болған...

Мәселен, General Motors осы технологияның арқасында жел турбиналарының тиімділігін 5%-ға арттырып, техникалық қызмет көрсету шығындарын 20%-ға азайта алды. Google деректер орталығына жасанды интеллект технологияларын енгізу энергия тұтынуды 15%-ға азайтты, бұл компанияға бірнеше жыл ішінде жүздеген миллион доллар қаржы үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Деректерді талдау жүйесі жасанды интеллект элементтері бар цифрландырудың барлық талаптарына сәйкес келеді. Қазақстандағы қуат тарату жүйесі үшін бұл бірінші тәжірибе.

"Самұрық-Энерго" АҚ заман талаптарына сәйкес осы технологиямен жұмыс істей бастады. Цифрлық трансформациялау бағдарламасы жобасының мақсаты электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде (ЭКЕАЖ) жиналған деректерге талдау жүргізу болып табылады. Бұл шара «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптарды уақтылы анықтауға көмектеседі.

Электр энергиясының коммерциялық ысыраптарын азайту – электр желілерін дамытуға, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ақша қаражатын түсірудің ұтымды жолы мен нақты көздерінің бірі.

Электр желілеріндегі электр энергиясының коммерциялық ысыраптары – үнемділіктің маңызды көрсеткіші, электр энергиясын есепке алу жүйесі жай-күйінің көрнекі көрсеткіші.

"Осы жоба аясында біз қолданыстағы ЭКЕАЖ-бен біріктірілетін жүйе енгізуді, электр энергиясы желілеріндегі есепке алу құрылғыларынан көрсеткіштерді жинауды, электр энергиясының кемуін жедел анықтап, дер кезінде дабыл қағуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті жоба демеушісі, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Серік Түйтебаев.

Жобалық команда қазіргі уақытта электр энергиясын болжамдық тұтыну және болжамды автоматтандырылған түрде нақты тұтынумен салыстыру моделін құруда. Одан кейін трансформаторлық қосалқы станциялардың өздерінде жіберілетін және қабылданатын электр қуатына қатысты электр желілеріне заңсыз қосылу фактілері анықталатын болады. «АЖК» АҚ станцияларында 200 000-нан астам есептеуіш құралдары орнатылған, желілерде нормативтен тыс ысыраптар анықталған жағдайда осы аспаптар арқылы жүйелі түрде көрсеткіштер алынбақ. Бүгінгі күні жоба бойынша жүйені енгізуге тендерлік рәсімдер құжаттары әзірленуде.

Жоба бойынша күтілетін пайда шамамен 600 млн. теңгені құрайды.

Жобаның аяқталу мерзімі - 2022 жылғы желтоқсан.