«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Сала жаңалықтары

15 мамыр, 2018
3047
1 Фото

Қазақстанда баламалы энергия көздері жобаларының онлайн-аукционы өтеді

1 Фото
Қолданылған материалдар: https://baq.kz

ҚР Энергетика министрлгі баламалы энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова 23 мамырда өтетін баламалы энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша алғашқы халықаралық аукцион туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінде Қазақстанда жалпы қуаты 340 МВт жел, күн, дәстүрлі су энергетикасы станциялары бар. Жаңартылған энергия көздері экологиялық таза, жылыжай газдарының таралуын төмендетіп, болашақ ұрпаққа көмірсу қорын жеткізуге мүмкіндік беретіні үшін Қазақстанда өзекті болып отыр. Былтырдан бері жаңартылған энергия көздері жобаларын іріктеудің аукциондық механизмін жетілдірдік. 2017 жылы заңды өзгертіп, аукцион ережелерін әзірледік. Алғашқы көктемгі-жазғы сессия 23 мамырдан бастап 7 маусымға дейін, ал күзгі сессия қазанда өтеді. Аукциондық саудаға 1ГВт қуат шығарылады. Қазақстанның жел әлеуеті бай болған соң 600 МВт астам қуатты жел станциясы жобаларына қоямыз, қалған қуат күн генерациясы, су энергетикасы мен биогаз қондырғылары жобаларына беріледі», - деді Соспанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол мұндай аукционда ең төмен бағаны қойған инвестор жеңімпаз атанатыны айтты. Сондай-ақ аукцион онлайн режимде электронды сауда түрінде үш сағатқа созылады.

«Аукциондық механизм Қазақстанда БЭК жобаларын іріктеуде әділ бағаны анықтайды. Біздің қаржымыз, күн, жел энергетикасының әлеуеті, Қазақстандағы жер учаскелері мен құрылыс есебі бағаға әсер етеді. Мұндай сауда әрі ашық, түсінікті болса, әрі жергілікті компаниялармен қатар халықаралық ойыншылардың қызығушылығын арттырады. Осы мақсатта күзгі аукциондық саудаға ауқымды жобалар: 250 МВт жел парктері мен 150 МВт күн парктері шығарылады», - деді департамент директоры.

Ал аукционды өткізуге жауапты «KОРЭМ» АҚ төрағасының орынбасары Ержан Мәдиев Ғалижанұлы аукцион қатысушыларына қойылатын талаптарды атады.

«Аукционға қатысқысы келетін барлық инвесторлар біздің сайт арқылы онлайн тіркеледі. Заңды тұлға банктік реквизит, компания атауы, қайда орналасқаны туралы мәліметтерді тіркейді. Сайтқа сканерленген құрылтай құжаттарды орналастырады, ал шетелдік компания болса мұндай құжаттардың аударылған нұсқасын жібереді. Ал біз екі күн ішінде жобаның шарты мен қызмет төлемінің есебін пошталарына жібереміз. Сосын олар қызмет төлемін жасап, шартқа қол қойып құжатты бізге жібереді. Осыдан кейін біз оларға сауда қатысушысы деген статус береміз. Түпнұсқа құжаттарды жіберген соң олар сауда жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқытылып, содан соң өз қызметкерлерін оқытады», - деді ол.

Оның айтуынша қатысушылар аукциондық саудаға қатысу өтінімдерін кепілдендіруі тиіс. 1 КВт құны 2000 теңге. Қатысушылар тіркелген соң сауда жүйесі бағаларды есептеп, біржақты аукцион арқылы ең төмен бағаны қойған инвесторлар жеңімпаз атанады.

«Осы арқылы біріншіден, аукционға адами факторлардың араласуын шектейміз, екіншіден, ең төменгі бағаны таңдап алып бағаларды төмендетеміз. Сауданы жеңіп шыққан компания Энергия өндіруші ұйымдар тізіміне еніп, Жаңартылған энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен 15 жылға электр энергиясын сатып алу туралы келісімшарт жасайды. Тіркелген қатысушылар бір-бірі туралы білмейді, олардың қойған бағасы мен қуат көлемі көрінбейтін болған соң бір-бірімен бәсекелеспей, яғни өзі үшін әділетті деп шешкен бағаны қояды», - деді Мәдиев.



Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Хабарландыру
13 қыркүйек, 2019
Құрметті электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар!

«КОРЭМ» АҚ 2019 жылдың қазан айына бір ай жеткізумен электр энергиясының қосымша орталықтандырылған сауда-саттығын 2019 жылдың 20 қыркүйегінде өткізетіні туралы хабарлайды. 2019 жылдың 01.10.19 ж. бастап 31.12.19 ж. дейін бір тоқсанға жеткізумен электр энергиясының қосымша орталықтандырылған сауда-саттығы 2019 жылдың 26, 27 қыркүйегінде өтеді.

02 сәуір, 2019
«КОРЭМ» АҚ Telegram-арнаны іске қосады

Біздің клиенттеріміздің көптеген өтініштері бойынша ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен бастап «КОРЭМ» АҚ telegram-арнасы іске қосылды, онда сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат, сала және Компания жаңалықтары жарияланады.

Біздің телеграмм-арнамызға жазылу үшін ұялы құрылғыңызда «Telegram» мобильді қосымшасын орнатып, тіркеуден өту қажет. Тіркелгеннен кейін Telegram-да біздің арнамызды @aokorem іздеу жолына енгізу арқылы тауып, жазылым жасау керек.

01 сәуір, 2019
Мәмілелерді тіркеуге қатысты

Егер электр орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша «сатып алушы - сатушы» жұтардың бағалары бұйрықта көзделген энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінен жоғары қалыптасса, Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген энергия өндіруші ұйымның міндеті бұзылады және демек, мұндай «сатып алушы-сатушы» жұбы сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде тіркелмейді.

Сауда-саттық нәтижелері
Тамыз 2018 2019
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 0.000 7.310
min баға тг/кВт*сағ 0.000 6.100
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 8.300 8.700
min баға тг/кВт*сағ 7.500 1.100
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 0 129 145
Форвардтармен сауда-саттық 500 160 806 616