Жаңалықтар
Қазақстанда белгіленген қуаты 20 МВт болатын БиоЭС түріндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңа объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық өткізілді
2026 жылғы 10 ақпанда сағат 15:00-де «KOREM» АҚ электрондық сауда алаңында белгіленген қуаты 20 МВт болатын БиоЭС түріндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңа объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық (барлық аймақтар) өткізілді.
2025 жылғы 12 қарашада БиоЭС салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукцион өткізілді, алайда жіберілген қатысушылар саны екіден аз болғандықтан, аукцион өтпеді деп танылды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы 10 ақпанда қайталама аукциондық сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылдады.
Сауда сессиясының қорытындысы бойынша қайталама аукциондық сауда-саттыққа қатысуға бір компания ғана жіберілді. Белгіленген талаптарға сәйкес қайталама аукциондық сауда-саттық өтпеді деп жарияланды.
Қайталама аукциондық сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Еуропа қайта құру және даму банкінің, «Жаңартылатын энергия көздері индустриясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, сондай-ақ «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері қатысты. Бақылаушылар рәсімдердің ашықтығын және аукцион ұйымдастырушысы «KOREM» АҚ-ның электрондық сауда жүйесінің тиімді жұмыс істейтінін атап өтті.










