Жаңалықтар

04 маусым, 2021
394

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!

1 Фото

Әрбір егемен елдің тарихында ұмытылмас күндері бар, бүгінгі күн сол күндердің  бірі.

 1992 жылы 4 маусым - Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш бекітілген күн. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін паш ететін, мемлекетіміздің өткені мен бүгінін байланыстырып, болашағымен сабақтастыратын мемлекеттілігіміздің ажырамас бөлігі.
Егемен Қазақстан тарихында ерекше орын алатын күн - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!  Мемлекеттік рәміздеріміз әрқашан тәуелсіздік пен  патриотизмнің, халқымыздың ерлігі мен даналығының бейнесі бола берсін. Мемлекеттік рәміздеріміз еліміздің ұлттық бірлігін нығайтуға қызмет етіп, болашақта бет түзген ұлы  көшімізді демеп, басты және игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз бейбіт, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!