Жаңалықтар

28 қаңтар, 2020
889

«КОРЭМ» АҚ сауда алаңында имитациялық сауда-саттық өткізілді

1 Фото

«Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілуіне байланысты «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында бір айға жеткізумен имитациялық электр энергиясының  орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Имитациялық сауда-саттықта электр энергиясының көтерме сауда нарығының 49 субъектісі қатысты.

Ақпан айына жеткізумен имитациялық электр энергиясының сауда-саттығының қорытындылары бойынша сатып алынған/сатылған электр энергиясының жиынтық көлемі 696,6 млн. кВтсағ құрады. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 42.

Имитациялық электр энергиясының сауда-саттығын жүргізу орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі орталықтандырылған сауда-саттықты өткізудің жаңа жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу алдында соңғы кезеңі болды.

2019 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі электр энергиясының көтерме сауда нарығында нарықтық өзара қарым-қатынасты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру бойынша заңнамалық бастамалар қабылдады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің заңнамалық бастамаларын іске асыру мақсатында «КОРЭМ» АҚ орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізуге бағытталған жаңа бағдарламалық жасақтаманы әзірледі, орталықтандырылған сауда нарығы операторының ішкі құжаттарына қажетті өзгерістер дайындады.

Имитациялық сауда-саттықты өткізу барысында сауда жүйесінің жұмысы бойынша техникалық ескертулер имитациялық сауда-саттыққа қатысушылардан және бақылаушылардан түскен жоқ. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу бойынша жаңа бағдарламалық жасақтаманы өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2020 жылдың 3 ақпанына белгіленген.

Имитациялық электр энергиясының сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополия комитетінің өкілдері қатысты.

«КОРЭМ» АҚ имитациялық сауда-саттықтың барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.