Жаңалықтар

20 қаңтар, 2026
59

Қазақстанда генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған қайталама аукциондық сауда-саттық өтті

1 Фото

2025 жылғы 19 қаңтарда сағат 10:00-де «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы (Шымкент қ.) үшін генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған қайталама аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 237-н/қ бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес 2025 жылғы 15 желтоқсанда ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы (Шымкент қ.) үшін аукцион өткізілген болатын. Өткен аукциондық сауда-саттық екіден аз жіберілген қатысушының қатысуына байланысты өткізілмеген деп танылды.

Осыған байланысты Комиссия 2026 жылғы 19 қаңтарда қайталама аукциондық сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылдады.

Аукциондық сауда-саттыққа жалпы өтінім көлемі 1500 МВт болатын 3 компания жіберілді. Сауда сессиясы барысында қатысушылар 442 баға ұсынысын берді.

Нәтижелер бойынша аукциондық бағаның төмендеуі 41,2 % құрады – 16 299 800-ден 9 600 000 тг/МВт*айға дейін (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде 500 МВт көлемімен, 9 600 000 теңге/МВт*ай бағасы бойынша (ҚҚС-сыз) NextGen Power Systems Ltd. жеке компаниясы танылды.

Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукцион ұйымдастырушысы «KOREM» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығы мен тиімділігін атап өтті.