Сала жаңалықтары архивы

28 шілде, 2022
415

Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасының жобасы әзірленді

1 Фото

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тапсырмасын іске асыру үшін «ЭҚРҚО» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын (бұдан әрі – жоба) дайындады. Жоба АҚ "ЭҚРҚО" сайтында орналастырылған және ескертулер мен ұсыныстар алу үшін "Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы" ЗТБ, "KAZENERGY Қауымдастығы" ЗТБ, "Qazaq Green "ЖЭК Қауымдастығы" ЗТБ қарауға жіберілген.

Жобаға Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамытудың негізгі басымдықтары енгізілді:

  • елдің барлық аумағында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • энергетикалық қуатқа ішкі сұранысты толық қанағаттандыру;
  • ең тиімді, экологиялық таза және қолжетімді технологияларды пайдалану;
  • эффективная, гибкая и прозрачная система управления отраслью;
  • нарықта бәсекелестікті дамыту және Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарын дамыту үшін жағдайлар жасау;
  • электр энергиясы нарығындағы толық ашықтық пен айқындық;
  • жергілікті қамтуды дамыту;
  • выход на международные рынки.

Электр энергетикасын дамыту жөніндегі саясатты табысты іске асыру үшін, ең алдымен бірқатар міндеттерді шешу қажет:

  • өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін электр энергиясына баға белгілеу жүйесіне көшу;
  • сұраныс пен ұсынысты теңгерімдеу үшін қажетті резервтерді, ең алдымен, маневрлік, генерациялайтын қуатты және электр желілерінің өткізу қабілетін қамтамасыз ету;
  • электр энергиясының 100 пайыздық орталықтандырылған саудасына көшу жолымен агрегатталған сұраныс моделін енгізу;
  • теңгерімдеуші нарықты нақты уақыт режимінде енгізу;
  • саланың төмен энергия тиімділігінің және қоршаған орта электр станцияларымен ластанудың үлкен көлемінің себебі болып табылатын ескірген технологияларды ауыстыру;
  • жабдықтың тозу деңгейін төмендету;
  • ЖЭК дамыту және оларды энергия жүйесіне интеграциялау үшін жағдайлар жасау;
  • Солтүстік, Оңтүстік және Батыс энергия аймақтары арасындағы байланысты күшейту;
  • энергия тиімділігін арттыру және салада энергия үнемдеу жөніндегі шараларды күшейту;
  • жүйелік операторды жеке құрылымға бөлу;
  • саладағы цифрландыруды дамыту;
  • жылумен жабдықтау проблематикасы бойынша барлық қажетті аспектілерді ескеретін, жылу желілерінің сапасын арттыруды және қызмет ету мерзімін ұлғайтуды, жылу тұтыну жүйелерін қазіргі заманғы автоматикамен және жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандыруды қамтамасыз ететін толыққанды нормативтік-құқықтық база мен нормативтік-техникалық база құру.