Сала жаңалықтары архивы

11 қараша, 2022
494

Белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық өтті

1 Фото

2022 жылғы 11 қарашада жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ солтүстік аймағы үшін ЖЭК бойынша жетінші аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылармен 46 баға ұсынысы берілді, жобалардың бірлік қуаты 50 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 400 МВт құрады

ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 15,2 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «Darmen Shuak» ЖШС (Гонконг) жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 15,2 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Абай облысы Аягөз ауданының маңында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, «ЭҚРҚО »АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Қорытындысы бойынша аукциондық бағаның төмендеуі 29,4% -. құрады, бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететінін және ЖЭК объектілерінен электр энергиясының нарықтық бағасын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже болып табылады.

Келесі аукцион жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2022 жылғы 21 қарашаға тағайындалды.