Сала жаңалықтары архивы

10 қараша, 2022
343

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу күнін ауыстыру туралы ақпарат

1 Фото

Құрметті электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шешімі бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық 2022 жылғы 15-16 қарашадан 2022 жылғы 17-18 қарашаға ауыстырылатынын хабарлаймыз. 

2022 жылғы 17 қарашада сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

2022 жылғы 18 қарашада ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады:

сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша)  ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша сауда-саттық ;

сағат 16:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, бірлескен сауда-саттық.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7(7172)649-181, +7(7172) 649-182.

Шарттар жасасу мәселелері бойынша: +7 (7172) 649-188.

2022 жылғы электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу кестесін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.