Сала жаңалықтары архивы

07 қараша, 2022
360

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықтың қорытындылары 2022 жылғы 7 қараша жиынтық белгіленген қуаты 10 МВт

1 Фото

2022 жылғы 7 қарашада жалпы белгіленген қуаты 10 МВт биогаз электр станцияларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ барлық аймақтары үшін ЖЭК бойынша үшінші аукцион өткізілді.

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 32,15 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының 51-тармағының талаптарына сәйкес, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға сауда жүйесіне тиісті аукциондық сауда-саттыққа тіркелген және жіберілген қатысушылардың саны екіден кем болмауына байланысты аукциондық сауда-саттық өтпеді деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҰКП, «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және БҰҰ Даму бағдарламасының/Жаһандық экологиялық қор өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған.

Келесі аукцион 2022 жылдың 8 қарашасына белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт күн электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.

Аукциондық сауда-саттық жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2017 ж. №466 бұйрығы) Министрлік аукциондық сауда-саттық Кестесін қалыптастырды.

Министрлік бекіткен аукциондық сауда-саттық Кестесіне сәйкес ағымдағы жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаттылығы 690 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 60 МВт;

- жел электр станциялары – 400 МВт;

- су электр станциялары – 220 МВт;

- Био ЭС - 10 МВт.