Сала жаңалықтары архивы

04 қараша, 2022
380

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізу

1 Фото

Құрметті орталықтандырылған сауда - саттыққа қатысушылар, «ЭҚРҚО» АҚ электр қуатымен орталықтандырылған сауда - саттық 2022 жылғы 15-16 қарашада өтетіні туралы хабарлайды.

2022 жылғы 15 қарашада сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

2022 жылғы 16 қарашада ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады:

сағат 10:00-ден бастап (Астана қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша;

сағат 16:00-ден (Астана қ.уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, бірлескен сауда-саттық.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7(7172)649-181, +7(7172) 649-182.

Шарттар жасасу мәселелері бойынша: +7(7172) 649-188.

2022 жылғы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттық кестесін көру үшін келесі сілтемеден өтіңіз.