Сала жаңалықтары архивы

04 қараша, 2022
305

2022 жылы ЖЭК бойынша аукциондық сатылымдар басталды

1 Фото

2022 жылғы 4 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт гидроэлектростанциялар жобаларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың бірінші күні өтті.

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 51-тармағының талаптарына сәйкес аукциондық сауда-саттықтар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатқа сұраныс көлемінің 130% - нан кем болғандығына байланысты өткізілмеген деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкінің өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған.

Келесі аукцион 2022 жылғы 4 қарашаға белгіленген жиынтық қуаты 200 МВт су электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша сағат 14-00-ге тағайындалды.

Аукциондық сауда-саттық жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2017 ж. №466 бұйрығы) Министрлік аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

Министрлік бекіткен аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес ағымдағы жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаттылығы 690 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары-60 МВт;

- жел электр станциялары-400 МВт;

- су электр станциялары-220 МВт;

- Био ЭС-10 МВт.