Сала жаңалықтары архивы

19 қазан, 2022
377

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысына өзгерістер енгізілді

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ 2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін өзектендіру туралы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға арналған жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды хабардар етеді.

Генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысына аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022.10.14. №327 Бұйрықпен толықтырылды.

14.12.2022 ж. қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар арасында қызмет көрсету көлеміне 550 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттық белгіленді.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша сіз «ЭҚРҚО» АҚ-ға электрондық поштаға сұрау жіберу арқылы хабарласа аласыз vie@korem.kz немесе келесі нөмірлер бойынша:+7 (7172) 649-181, 649-182 (жедел қолдау секторы).