Сала жаңалықтары архивы

11 қазан, 2022
425

Қазақстан инженерлері мен энергетиктері Одағының XVI форумы.

2 Фото
2 Фото

Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер одағы Алматы қаласында Қазақстанның бас энергетиктерінің XVI форумын өткізді. Форум Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің алаңында өтті.

Форумға Қазақстанның энергетикалық компанияларының, ғылыми - зерттеу институттарының, құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында форумға қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:

  • энергетика саласын дамыту үшін тарифтік саясаттың тиімділігін арттыру;
  • ЖЭО-ны газ отынына ауыстыру жобаларын іске асыру барысы;
  • атом электр станцияларының қауіпсіздігі мәселелері.

Іс-шараның басты тақырыптарының бірі электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын қарау болды. Осы мәселе бойынша «ЭҚРҚО» АҚ Басқарма төрағасы К.Рахимов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Тұжырымдаманың жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы бұйрығының талаптарына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ тұжырымдама жобасының әр бөліміне егжей-тегжейлі тоқталды.

Форумның респонденттері бірыңғай сатып алушыға көшу тұжырымдамасына енгізілген идеяны, сондай-ақ Энергетика министрлігі ведомствосындағы барлық тарифтік және реттеуші саясатты орталықтандыруды алқалы түрде қолдады.

Жалпы, форумға қатысушылар кездесудің нәтижелі болғанын және бүгінгі таңда сала алдында тұрған маңызды мәселелерді талқылау үшін табысты платформа болғанын атап өтті.