Сала жаңалықтары архивы

29 қыркүйек, 2022
415

Алматыда Түркі Мемлекеттері Ұйымының энергетика министрлерінің 2-ші отырысы өтті.

3 Фото
3 Фото
3 Фото

Ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйегінде Түркі Мемлекеттері Ұйымының энергетика министрлерінің 2-ші отырысы өтті.

Аталған іс-шараны ҚР Энергетика министрлігі, OTS ұйымдастырды.

«Қазақстандық ЖЭК аукциондары-үздік тәжірибелер» панельдік сессиясында «ЭҚРҚО» АҚ нарықтар департаментінің директоры А. Шағырбаева «Қазақстан Республикасындағы ЖЭК» баяндамасының тақырыбымен сөз сөйледі, Қазақстанда аукциондық сауда-саттықты өткізу қағидалары мен рәсімдері туралы өз тәжірибесімен бөлісті, елде ЖЭК секторын дамыту тәжірибесімен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттықты 2018-2021 жж. өткізу нәтижелерімен бөлісті.

Іс-шараның негізгі мақсаты аукциондық жүйені енгізу бойынша Қазақстан Республикасының тәжірибесі болып табылады.

Кездесу барысында жаңартылатын және «ақылды» энергетика, энергия тиімділігі, энергияға көшу, тұрақты энергетиканы дамыту, жаңа жобаларды дамыту үшін қолайлы инвестициялық орта құру салаларындағы ынтымақтастық талқыланды