Сала жаңалықтары архивы

06 қыркүйек, 2022
416

Қазақстанда ірі ЖЭК жобасын салу бойынша ұсыныс

2 Фото
2 Фото

2022 жылғы 6 қыркүйекте «ЭҚРҚО» АҚ-да «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ, China Power International Development Limited (қысқаша «CPID») өкілдерімен кездесу өтті.

«CPID» Гонконгта 2004 жылдың наурыз айында тіркелген, сол жылдың қазан айынан бастап Гонконгтың негізгі қор биржасында (биржа коды: НК.2380) Қытайдағы алғашқы Орталық энергетикалық кәсіпорын болып табылады, STATE POWER INVESTMENT CORPORATION еншілес компаниясы болып табылады (қысқартылған атауы «ЅРІС»).

Кездесу барысында Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу қағидалары мен тәртібі туралы мәселелер көтерілді, сондай-ақ, қытай тарапының энергия сақтау жүйелері бар ЖЭК ірі демонстрациялық жобасын салу жөніндегі ұсынысы қаралды.