Сала жаңалықтары архивы

20 қазан, 2023
191

Қуаты 200 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізу туралы

1 Фото

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2023 жылғы 1 қыркүйектегі №2 хаттамаға сәйкес қуаты 200 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, Министрлік 2023 жылғы 24 қарашада сағат 10:00-де өтетін қайталама аукциондық сауда-саттықтардың өткізілетіні туралы хабарлайды және барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Мүдделі Тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС (https://rfc.kz/auctions/selections) және «ЭҚРҚО» АҚ (https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.

 

ГЭС жобаларын іріктеу бойынша қайта аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 200 МВт құрайды.