Сала жаңалықтары архивы

20 қазан, 2023
201

ҚР делегациясы Брюссельде ЕО-пен энергетикалық серіктестікті талқылады

1 Фото

2023 жылғы 18 қазанда Брюссель қаласында (Бельгия) Энергетика вице-министрі Ж.Д. Нұрмағанбетов қазақстандық делегация құрамында Еуропалық комиссияның энергетика жөніндегі департаментінің DG ENER директоры Кристина Лобило Борреро және халықаралық ынтымақтастығы департаментінің DG INTPA директоры Петерис Үстубспен кездесті. Сондай-ақ, бұл кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты - Экология және табиғи ресурстар мәселелері комитетінің төрағасы Е.Т. Жаңбыршин, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан сарапшылары және Астанадағы сутегі дипломатиясы кеңсесінің басшысы Мануэль Андрес қатысты. Кездесуді Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар ЕО-Қазақстан энергетикалық әріптестігін, жасыл сутектің перспективаларын, Қазақстанның электр желілерін жаңғырту жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ 2023-2024 жылдарға арналған тұрақты шикізат, батареялар және жаңартылатын сутегінің құнын құру тізбектері бойынша ЕО-Қазақстан стратегиялық әріптестігінің Жол картасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Еуропалық комиссия Қазақстандағы сутегі бойынша нормативтік базаны жетілдіру үшін стандарттармен, әзірлемелермен және басқа да құжаттармен алмасуда Қазақстанға қолдау көрсетуге ниет білдірді.