Сала жаңалықтары архивы

17 қаңтар, 2023
281

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу өткізді

1 Фото
Қолданылған материалдар: ҚР ЭМ

2023 жылғы 16 қаңтарда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Әбу-Дабидің орнықты даму апталығы» саммиті (БАӘ) шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) орнықты инфрақұрылым тобының басшысы Нандита Паршадпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы мәселелердің кең ауқымын, Қазақстанда ЕҚДБ энергетикалық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Әріптестер Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту жөніндегі рөлін, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы ЖЭК объектілерін салуды таңдау жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар ЖЭК саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаласты.