Сала жаңалықтары архивы

07 желтоқсан, 2022
308

«ЭҚРҚО» АҚ ТҚСО электр станцияларының техникалық аудиті бойынша үйлестіруші ретінде әрекет етеді

2 Фото
2 Фото

Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Энергетика министрлігі бүкіл ел бойынша электр станцияларына ауқымды технологиялық аудит жүргізуде

Тапсырмаларды іске асыру үшін 2022 жылғы 5 желтоқсанда техникалық аудит жүргізу шеңберінде Екібастұз МАЭС-1-ге шығу жүзеге асырылды. Бұл жұмыс Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Энергетика министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады

Команда құрамына жергілікті сарапшылар мен «ЭҚРҚО» АҚ үйлестірушілері, (KPMG) халықаралық консультант кірді.

Электр станцияларына барған кезде тексеру жүргізілді:

- негізгі жабдықтар;

- жылу беру цехтары;

- қазандық;

- турбина;

- электр цехы.

Электр станциясы қызметтерінің басшыларымен және мамандарымен кездесу барысында сарапшылар жұмыс істеп тұрған энергия жабдықтарының техникалық жай-күйін талқылады.

Алдағы күндері сарапшылар Екібастұз МАЭС-2, Ақсу қаласындағы МАЭС және Павлодардың энергетикалық нысандарына барады.

Техникалық аудит жүргізу нәтижелері бойынша энергия көздерінің жабдықтарын тиімді жаңғырту және реконструкциялау үшін негізгі ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалатын болады.