Сала жаңалықтары архивы

06 желтоқсан, 2022
302

«ЭҚРҚО» АҚ Қазақстандық нарықта орталықтандырылған (биржалық) электр энергиясын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

1 Фото

Орталық Азия жаңартылатын энергия көздерінің бай әлеуетіне, энергия тиімділігін арттыру үшін елеулі мүмкіндіктерге ие.

USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасы Орталық Азияның бес еліне - Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға - энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ұлттық және өңірлік басымдықтарына қол жеткізуге көмек көрсетеді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Өзбекстанда, Ташкент қаласында «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері «ӨҢІРЛІК ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАР» әзірлеу мәселесі бойынша кеңеске қатысты.

Кеңестің негізгі мақсаты Орталық Азия елдерінің өкілдерімен техникалық, институционалдық, нормативтік құқықтық немесе коммерциялық кедергілерді жою мақсатында ұлттық стратегияларды дайындау бойынша, электр энергиясының өңірлік саудасы бойынша нақты қысқа мерзімді және орта мерзімді іс-қимылдарды әзірлеу тәсілдерін талқылау болып табылады.

Кездесуде «ЭҚРҚО» АҚ Стратегия және Қызметті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директоры А. В. Доронин баяндама жасады, ол Қазақстандық және мемлекетаралық электр энергиясы нарықтарында электр энергиясының орталықтандырылған (биржалық саудасын) ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар энергетикалық қауіпсіздік пен елдердің тәуелсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, өз елдері үшін стратегияны әзірлеудің маңыздылығын растады, сондай-ақ PCA командасының қолдауымен оларды дайындау бойынша тиісті алғашқы қадамдарды белгіледі.