Сала жаңалықтары архивы

29 қараша, 2022
325

ЖАҢА РЕКОРДТЫҚ БАҒА 2022 ЖЫЛҒЫ СОҢҒЫ АУКЦИОНДЫҚ САУДА САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТІРКЕЛДІ

1 Фото

29 қарашада 2022 жылы ҚР БЭЖ солтүстік аймағы үшін ЖЭК бойынша жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша финалдық аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа 5 компания қатысты, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 11 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлік қуаты 100 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 500 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16-дан 12,39 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып анықталды:

  • «Mezgilder Qushteri» ЖШС (Гонконг (Қытай) - Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 12,39 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ұлытау облысында Жезқазған қаласының маңында орналастыру жоспарлануда.

Байқаушылар ретінде Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының ЗТБ, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің, «KAZENERGY» ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

ЖЭК бойынша соңғы аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша аукциондық бағаның рекордтық төмендеуі тіркелді, ол 42,5% - цены құрады, бұл бағаның рекордтық төмендеуінің жаңа ең жоғары көрсеткіші болып табылады.