Сала жаңалықтары архивы

23 қараша, 2022
293

22 қарашада ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықтардың қорытындылары жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт

1 Фото

22 қарашада ҚР БЭЖ солтүстік аймағы үшін Жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа 10 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 37 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлік қуаты 15-тен 50 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 465 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,99 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «Next Green Energy» ЖШС (Қазақстан-Қытай) жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 12,99 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының маңында орналастыру жоспарлануда.

Байқаушылар Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» Қауымдастығы ЗТБ өкілдері болды, олар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Қорытындысы бойынша аукциондық бағаның төмендеуі 39,66% құрады.

Келесі аукцион жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша 2022 жылғы 23 қарашаға тағайындалды.