Сала жаңалықтары архивы

22 қараша, 2022
304

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары

1 Фото

2021 жылғы 21 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ-да ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін бірыңғай сатып алушы мен жүйелік оператор «ЭҚРҚО» АҚ-ға келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс - 342 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігінің көлемі-130 МВт.

Электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф-айына 590 мың тг / МВт (ҚҚС-сыз).

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 342 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 6.

Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 586,77 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 377 МВт құрады. «Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелерімен келесі жерден танысуға болады (мәмілелер тізілімі)