Сала жаңалықтары архивы

22 қараша, 2022
295

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Маңғыстау облысы ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттық өткізілді

1 Фото

2022 жылғы 21 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ Сауда алаңында ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін бірыңғай сатып алушы мен жүйелік оператор «ЭҚРҚО» АҚ-ға мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс-484,5 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігінің көлемі-50 МВт;

Электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф-айына 590 мың тг / МВт (ҚҚС-сыз).

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда – саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі 484,5 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша-434,5 МВт және ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облысы бойынша – 50 МВт. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны-3. Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 588,97 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 604 МВт құрады.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықтың нәтижелерімен мына жерден танысуға болады (мәмілелер тізілімі).

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ өкілдері қатысты.