Сала жаңалықтары архивы

22 қараша, 2022
263

2022 жылғы 19 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ Сауда алаңында ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-са

1 Фото

Бірыңғай сатып алушы және жүйелік оператор электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін «ЭҚРҚО» АҚ-ға келесідей  бастапқы параметрлер ұсынылды:

  • ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 6044,4 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4506,1 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша-1538,3 МВт;
  • ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігінің көлемі-900 МВт

 Электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф – айына 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).

 Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа 23 энергия өндіруші ұйым қатысты.

 Электр қуатымен орталықтандырылған сауда – саттық қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі – 6044.4 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4506,1 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша-1538,3 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны-23. Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 589.96 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

 Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 7616 МВт құрады.

 Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықтың нәтижелерімен келесі жерден танысуға болады (мәмілелер тізілімі).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.