Жаңалықтар архивы

10 қараша, 2025
18

«KOREM» АҚ алаңында 50 МВт қуат көлемінде аукциондар өткізілді  

1 Фото

2025 жылғы 10 қарашада БЭЖ РК-ның барлық аймақтары бойынша жиынтық қуаты 50 МВт болатын кіші гидроэлектростанция құрылыс жобаларын іріктеу мақсатында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтар өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 6 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылар ұсынған жиынтық қуат көлемі 18,9 МВт-ты құрады.

2025 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттықтарда бастапқы аукциондық баға 41,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) деңгейінде белгіленді.

Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 41,23 теңге/кВт сағаттан 41,16 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.

 Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компаниялар анықталды:

  • «TolebiHydro Operating» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық баға – 41,21 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  • «KegenHydro» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық баға – 41,2 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ынтымақ» ӨК (өндірістік кооперативі)– жобаның белгіленген қуаты 4,9 МВт, аукциондық баға – 41,18 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз) ;
  • «Ынтымак-Энерго» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық баға – 41,17 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз) ;
  • «Sun Volt» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық баға – 41,16 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Еуразиялық даму банкі» АҚ, «KazЕnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы», «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

 

Келесі аукцион 2025 жылғы 11 қарашада барлық аймақтар бойынша жалпы орнатылған қуаты 200 МВт болатын ГЭС жобаларын іріктеу үшін өткізуге жоспарланған.