Жаңалықтар архивы

24 қараша, 2023
331

ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін КЭС түрі бойынша аукциондық сауда саттық бағасы 49.78 %-ға төмендеді

1 Фото

2023 жылғы 24 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукциондық сауда саттығы өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 59 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 90.001 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 17.38 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

КЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның рекордтық 49.78 %- ға төмендеуі атап өтілді.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «Альхена» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 17.38 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Қызылорда облысында орналастыру жоспарлануда.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ, ЕҚДБ және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесінде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу нормативтік құқықтық актілерге толық сәйкестігін атап өтті.

Келесі аукцион 2023 жылғы 27 қарашаға ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС түрі бойынша тағайындалды.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушылар, байқаушылар 4 сағатқа жуық аукциондарда көрсеткен табандылығы мен шыдамдылығы үшін зор алғысын білдіреді!