Жаңалықтар архивы

13 шілде, 2023
346

Электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылармен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында шарт жасасу жөніндегі шарттық науқан жалғасып жатыр

1 Фото

2023 жылғы 19 сәуірде Мемлекет басшысы «Әкімшілік реформа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оның шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмысының және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде іске қосудың жаңа моделін енгізуді көздейтін «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 15 маусымнан бастап «ЭҚРҚО» АҚ келесі шарттар жасасу жөніндегі науқанды іске қосты:

  1. теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату;
  2. теңгерімдеуші нарықтың барлық субъектілерімен қосылу;
  3. электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу (энергия өндіруші ұйымдармен және цифрлық майнерлермен).

Электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылармен шарттар жасасу «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде жүргізіледі және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қойылады.

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 982-947, 982-946, 982-945, 982-944 (қызметтерді дамыту секторы), 982-941, 982-942 (жедел қолдау секторы) немесе электрондық поштаға – opermarket@korem.kz .

 

* «Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын айқындау туралы» бұйрық https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/482104?lang=ru