Жаңалықтар архивы

25 қараша, 2020
1130

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылғы құжаттамасыз аукциондық сауда-саттық қорытындылары

1 Фото

Қазақстанда аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылғы 25 қарашада құжаттамасыз ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық аяқталды.

ҚР энергетика Министрлігі ағымдағы жылы енгізген өзгерістер «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімді берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысу өтінімін қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына» (бұдан әрі - ЖЭК Қағидалары) оң әсер етті және ағымдағы жылы аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға 56-1 тармағына сәйкес офертаны қабылдауға мүмкіндік берді.

ЖЭК Қағидаларына енгізілген өзгерістердің көрнекі мысалы белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт болатын ағымдағы жылғы 9 қарашада өткен ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары болды. ЖЭК Қағидаларының 56-1-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа екі қатысушы 13,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) бағасы бойынша оферта қабылдады, осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға ауқымы 13,48-ден 15,20 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Көрсетілген норманың қабылдануы ағымдағы жылғы аукциондарға компаниялардың           қатысуын ынталандырды және өз кезегінде ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда - саттық жеңімпаздарының санына әсер етті - 6 жеңімпаздың орнына 8 жеңімпаз анықталды, жалпы көлемі 23 МВт.

Белгіленген жиынтық қуаты 15 МВт құрайтын КЭС жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылғы 10 қарашада өткен аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша 5 қатысушыдан 20 МВт көлемінде 14,99 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) және 15,62 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) аукциондық бағалар бойынша 2 жеңімпаз анықталды.

Белгіленген жиынтық қуаты 15 МВт 2020 жылғы 11 қарашада өткен ЖЭС турі бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындысы 5 қатысушыдан 2 жеңімпаз анықталды, 14,95 МВт көлемінде аукциондық бағалар 21,09 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) және 21,53 тг/кВтс (ҚҚС-сыз).

БиоЭС турі бойынша ағымдағы жылы осы аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың белсенділігі төмен екені байқалады. Осыған байланысты 2020 жылғы 23 қарашада өткен, белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша, «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімді берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысу өтінімін қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының» 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өтпеді деп танылды, Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген, сауда жүйесінде тиісті аукциондық сауда-саттыққа тіркелген және жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем.

Белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт 2020 жылғы 24 қарашада өткен ЖЭС турі бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша 15,9 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) аукциондық баға бойынша 50 МВт көлемінде 6 қатысушыдан 1 жеңімпаз анықталды.

ГЭС турі бойынша 2020 жылғы 25 қарашада өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша құжаттамасыз аукциондық сауда-саттық аяқталды. Бұл аукциондар ағымдағы жылы белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт гидроэлектр станцияларының жобаларын іріктеу жүргізумен аяқталды. «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімді берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысу өтінімін қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының» 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өтпеді деп танылды, Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген, сауда жүйесінде тиісті аукциондық сауда-саттыққа тіркелген және жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем.

2020 жылғы қарашада өткен құжаттамасыз аукциондық сауда-саттық кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің және «KazEnergy» ЗТБ, «ҚЭЭҚ» ЗТБ, USAID, Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгендігін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

Құжаттамасыз ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша Қазақстанда аукциондық сауда-саттық COVID-19 эпидемиологиялық жағдайында өткізілді. Қалыптасқан жағдайға қарамастан әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылық болды, бұл аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар санының өсуімен расталады. Ағымдағы жылы 2019 жылғы аукциондық сауда-саттықпен салыстырғанда құжаттамасыз аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың 7,5% - ға өсуі байқалды.

Біз өткен аукциондарға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жобаларыңызды табысты іске асыруды Тілейміз және біздің одан әрі жемісті ынтымақтастығымызға үміттенеміз. 2020 жылғы аукционға жеңімпаз болмаған барлық қатысушыларды 2021 жылғы аукциондарға қатысуға шақырамыз.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігіне, «Kazakh Invest» ҰК АҚ-ға, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-ға, UNDP және USAID бағдарламаларына 2020 жылғы аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Алда, 8 және 10 желтоқсан 2020 жылы, бізді әрқайсысы 20 МВт құрайтын КЭС құжаттамасымен аукциондар күтеді. Барлық инвесторларды осы аукциондарға қатысуға шақырамыз.

Ізгі тілекпен, «КОREМ» АҚ.